Қазақтардың рулық қатынасы туралы комедия кинотеатрлардан алынып тасталды. | "Көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыпталып жатқан ҚазТАГ агенттігі баспасөз жиынын өткізді. |Ұлыбритания Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік "Татнефтьт" компаниясына санкция салды.
Мәскеу облысындағы мектепте болған шабуыл салдарынан қаза тапқан Тәжікстан азаматы, 10 жастағы Қобилжон Әлиев Тәжікстанның Шахринав ауданына қарасты Аджам ауылында жерленді. Оның мәйіті Мәскеуден Душанбеге 18 желтоқсан күні таңертең ерте жеткізілді. Бұл қылмыс Тәжікстанда үлкен резонанс тудырды.
Бангкокқа бара жатқан Air Astana ұшағы Үндістанға қонуға мәжбүр болды. | Қазақстан Ресей салады деген жылу электр орталығын өзі салуға кірісіп кетті. | Тәжікстанда энергия тапшы, Санкт-Петербургте интернет нашарлады, Испания ыстыққа дайындалып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ол жапон императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесті. Тоқаев енді "Орталық Азия – Жапония" форматындағы алғашқы мемлекет басшылары саммитіне қатысады. Тақырыпты сарапшы Асылзат Қарабаевамен талқыладық.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырды. Депутат кімді меңзеді?
70 жастағы ақын, белсенді Оқап Мұқажанұлы 16 желтоқсан туралы өлеңінің кесірінен әкімшілік жаза алды. Алматы облысы Талғар полициясы оған «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұздың» деп айып таққан. Сот оған 196 мың теңге айыппұл салды.
16 жасар ресейлік Тимур Турков былтыр күзде Қазақстанға заңсыз өткен. Өзі бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы себеп болды деп түсіндірген. Қазақстан оған шекараны заңсыз кесіп өткені үшін айыппұл салып, елден шығарып жіберуді ұйғарған.
Депутат Айдос Сарым Бас прокурордан Украинаны қолдап, Каспий құбыр желісіне шабуыл жасауға үндеген Қазақстан азаматтардың жазбасын тексеруді сұрады. Депутат кімді меңзеп отыр? | Мәскеу іргесіндегі мектепке 15 жастағы жасөспірім қарумен шабуыл жасады. Бір оқушының қаза тапқаны хабарланды.
Сәрсенбі, 17 желтоқсан күні тоғыз құқық қорғау ұйымынан тұратын коалиция Қазақстан билігі кейінгі апталарда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарына қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеп, ел билігіне үндеу арнады.
39 жыл бұрын советтік Қазақстанды басқаруға республика халқына бейтаныс шенеунікті жұмсаған Мәскеудің шешіміне наразы мыңдаған қазақ қыз-жігіті Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шықты. Тарихшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын Совет одағының ыдырауын жақындатқан "алғашқы қарлығашқа" жатқызады.
Тағы